16 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №21

289 рет
көрсетілді
38 мин
оқу үшін
2016 жылғы 14 сәуір, 5 Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін. 2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағының он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші абзацтарын, өзгерістер мен толықтыруларға 8-қосымшаның жиырма жетінші абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі №215 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар 1. «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеудің ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 қаңтардағы № 82 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 3, 39-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеудің ережесінде: 1, 2, 3, 4, 7, 8, 12, 14, 15 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға; 2) ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлетті ұйым – банк немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақшалай өтемақы алушы таңдап алған банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйым; 3) саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлетті орган – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшесі. 2. Заңның 22, 23, 26-баптарында көрсетiлген негiздер бойынша ақшалай өтемақы алуға құқығы бар азаматтар ақшалай өтемақы тағайындау үшiн тұрғылықты тұратын жерi бойынша ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкілетті ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш; 2) жеке басты куәландыратын құжат; 3) ақшалай өтемақы алуға құқығын растайтын құжат (прокуратура органдарынан немесе сот органдарынан ақталғаны туралы анықтама); 4) тұрғылықты тұратын жерiн растайтын құжат. Ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті ұйым жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. 3. Ақшалай өтемақы тағайындау үшiн қажеттi құжаттардың түпнұсқасы және салыстырып тексеру үшiн көшiрмелері аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдарға ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушiге қайтарылады. Аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдардың жұмыскерлерi құжаттардың көшiрмелерiн куәландырады, iстердi қалыптастырады, 2-қосымшаға сәйкес саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобаларын дайындап, оларды бес жұмыс күні ішінде облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкілеттi органдарына жібередi. 4. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдары iстерді және ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiмдердің жобаларын бес жұмыс күні ішінде саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi органға жібереді.»; «7. Саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкілеттi орган облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдарынан құжаттар мен шешiмдер жобалары келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау не оны тағайындаудан бас тарту жөнiнде шешiм қабылдайды және iс пен бұл шешiмдердi белгiленген тәртіппен ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі аудандық (қалалық) уәкiлеттi ұйымдарға бередi. Ақшалай өтемақы тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешiмге саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегі уәкiлеттi органның басшысы (не оның мiндетiн атқарушы адам) қол қояды. Ақшалай өтемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган оны тағайындаудан бас тартудың себебiн жазбаша уәждейдi және облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдары арқылы тиiстi құжаттарды өтiнiш иесiне бepу үшiн аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті органдарға қайтарып бередi. 8. Айлық есептiк көрсеткiш өзгерген кезде ақшалай өтемақы сомасын қайта есептеуді аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым жүргізеді, ол облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдары арқылы саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегі уәкілетті органға тиiсті шешiмнің жобасын бекітуге жiбередi. Саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегі уәкілетті орган ақшалай өтемақыны есептеудiң дұрыстығын тексередi және үш жұмыс күні ішінде ақшалай өтемақыны бекiтедi не оны қайта есептеу жөнiнде шешiм шығарады.»; «12. Аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгi көрсеткен күнге және саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкілеттi ұйымдар шешiмдерiнiң негiзiнде ақшалай өтемақы алушылардың тiзiмiн жасайды және оны облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкілеттi ұйымдарына ұсынады.»; «14. Ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгi айқындаған мерзiмде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгiне ақшалай өтемақы төлеуге қажеттi қаражаттың қажеттілігі туралы ақпарат береді. 15. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгiнiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша тиiстi жылға арналған қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлінген сомалар шегiнде ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның банктік шотына қаражат аударады.»; «20. Бөлiнген трансферттер бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгi мен ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті ұйымның арасында ай сайын салыстырып тексеру актісi жасалады.»; көрсетілген Ережеге 1 және 2-қосымшалар осы өзгерістер мен толықтыруларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 323-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiнде: 1-тармақта: мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын: «1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»; 1) тармақша 1-1) тармақша болып есептелсін; 5) тармақша алып тасталсын; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi – Қор) – әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды, мiндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушы болған асыраушысынан айырылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерiн қоса алғанда, оларға қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және жүзеге асыруды жүргiзетiн заңды тұлға;»; мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: «6-1) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері – Мемлекеттік корпорацияның қалалық, аудандық бөлімшелері;»; мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) уәкiлеттi орган – Қор қызметiн реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Жұмыс берушi үшiн орындаған жұмыстары, көрсеткен қызметтерi үшiн қызметкерге табыс түрiнде төленетiн оның шығыстары әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi болып табылады. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін олардың алған табысы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамның алатын табысы «Міндетті әлеуметтік сақ­­­­тандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлер шегінде өз пайдасына әлеуметтік аударымдар есептеу мақсатында олар дербес анықтайтын сома болып табылады.»; 4-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері алып тасталсын; 6-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын; 7-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «7. Төлеушiлер Қорға әлеуметтiк аударымдарды Мемлекеттік корпорация арқылы есептi айдан кейiнгi ай­дың 25-күнiнен кешіктiрмей, өздері үшін әлеуметтік аударымдар жүргiзiлетiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйе­сiне қатысушылардың тiзiмдерi қоса берілген өздерiнiң банк шоттарынан қолма-қол ақшасыз тәртіппен төлейдi. Төлеушiлердiң банкке және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі – банктер) әлеуметтiк аударымдарды қолма-қол ақша нысанында енгiзуi Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады.»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Мемлекеттік корпорация әлеуметтiк аударымдарды есепке алуды әлеуметтік аударымдар жүргiзілетiн мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың ЖСН базасында уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде жүзеге асырады.»; 10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «10. Банктердiң Мемлекеттік корпорацияға ақша аударуы өздері үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тiзiмi қоса берілген MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады.»; 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «12. Банктер әлеуметтік аударымдар сомаларын Мемлекеттік корпорацияның шотына осы сомалар төлеушiнiң банк шотынан есептен шығарылған күнi аударады. 13. Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен әлеуметтік аударымдардың сомалары операциялық үш күн iшiнде MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен Қордың шотына аударылады. Мемлекеттік корпорация: 1) ЖСН жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген; 2) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа жеткен адам болып табылатын; 3) өзі үшін бір төлеушіден әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен артық төленген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы бойынша төлеушіге әлеуметтік аударымдарды қайтаруды жүзеге асырады.»; 14-тармақтың бірінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «14. Әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек қалыптасқан кезде мемлекеттік кірістер органдары төлеу­шiге осы Ереженің 8-тармағына сәйкес өздері үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген мiндеттi әлеуметтiк сақ­тандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн мемлекеттік кірістер органына ұсыну туралы хабарлама жібереді.»; «Төлеушілер хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына өздері үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынады.»; 16-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «16. Осы Ереженің 14-тармағында көзделген хабарлама берілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар төлеуші өздері үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы төлеушінің банктік шоттары және кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады. Мемлекеттік кірістер органдарының өкімі бойынша банктер төлеушілердің банк шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті әлеуметтік аударымдарды, зейнетақы жарналары мен салық берешегін аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.»; 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «20. Мемлекеттік корпорация өсiмпұл сомалары түскен күннен бастап операциялық үш күн iшiнде Қордың банктік шотына ақшаны MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен аударады.»; 22-тармақ алып тасталсын; 23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «23. Өзі үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының табысына салық салуға жатпайтын төлемдердiң жекелеген түрлерінiң қосылуына байланысты артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұл сомаларын төлеушi кейiнгi төлемдердi реттеу арқылы дербес түзейдi.»; 24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «24. Төлеуші артық (қате) төлеген және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы толық төлемегені үшін әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың Қорға аударылған сомаларын қайтару мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: төлеушi (төлеушінің банкi) Мемлекеттік корпорацияға осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша артық (қате) төленген әлеуметтiк аударымдарды және (немесе) өсімпұлды қайтаруға өтінiш бередi; өздері үшін әлеуметтiк аударымдар және (немесе) өсімпұл жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiнде қате жіберілген жағдайда өтiнiшке осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша растау-анықтама қоса беріледi; мiндеттi әлеуметтік аударымдарды қолма-қол ақшамен төлеудi жүзеге асыратын төлеушiлер растау-анықтамаға әлеуметтiк аударымдардың төленгені туралы төлем құжатының көшiрмесiн қоса бередi; Мемлекеттік корпорация операциялық бес күн iшiнде әлеуметтiк аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың есептелу фактісiн тексередi, өтiнiш осы төлем бойынша барлық деректемелердiң растамасымен қоса Қорға жiберіледi; Қор өтiнiштерді өңдегеннен кейiн MT-100 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және кейiннен оларды төлеушiге аудару үшiн Қорға төлеушінің өтініші түскен күннен бастап операциялық жеті күн iшiнде ақшаны Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына аударуды жүзеге асырады. Қор төлеушiнiң банктік деректемелерi, қатысушылардың тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) мен олар бойынша қайтару сомалары көрсетілген төлеушілердiң тiзілiмiн сол күнi Мемлекеттік корпорацияға бередi. Қайтаруға жатпайтын сомалар бойынша Қор себебiн көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияға бас тарту туралы шешiмдi бередi; Мемлекеттік корпорация Қор тiзiлiмiнiң негiзiнде MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және артық есептелген әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл сомасын операциялық үш күн iшiнде төлеушiге аударады; төлеушi әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл сомаларын қайтарудан бас тарту себебi туралы ақпаратты Мемлекеттік корпорация арқылы алады; Мемлекеттік корпорация өздері үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың жеке шоттарынан қайтарылған сомаларды есептен шығарады; Мемлекеттік корпорация артық есептелген сомалар қайтарылғаннан кейiн Қорды осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шешiмнiң орындалғаны туралы хабардар етедi; Мемлекеттік корпорация мен Қор арасында айына бiр рет әлеуметтік аударымдардың және өсiмпұлдың аударылуын, сондай-ақ Қордан әлеуметтік аударымдардың және өсiмпұлдың қайтарылуын салыстырып тексеру жүргiзіледi. 25. Төлеушiге қызмет көрсететiн банк электрондық төлем тапсырмаларын ресiмдеу кезінде қате жiберген жағдайда, банк Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы заңнамасына сәйкес жiберілген қателердi түзету жөнiнде шаралар қабылдайды.»; 27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «27. Төлеушi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кірістер органына өздері үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн есептелген әлеуметтiк аударымдар бойынша есеп-қисап ұсынады. 28. Мемлекеттік корпорация күн сайын, өткен күн үшін мемлекеттік кірістер органына Салық кодексiнде белгіленген тәртiппен тiркелген төлеушілер бойынша келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың тiзiлiмдерiн ұсынады.»; мынадай мазмұндағы 30, 31 және 32-тармақтармен толықтырылсын: «30. Қорға әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын төлеуші Мемлекеттік корпорациядан міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы қажетті ақпаратты сұратуына және тегін алуына болады. 31. Төлеуші міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат алу үшін уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінім толтырады және Мемлекеттік корпорацияға оның бөлімшелері арқылы ұсынады. 32. Мемлекеттік корпорация төлеуші жүгінген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпаратты дайындайды және оны Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері арқылы төлеушіге береді.»; көрсетілген Ережеге 1-қосымша осы өзгерістер мен толықтыруларға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын: көрсетілген Ережеге 3-қосымшада: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мынадай төлеушілер бойынша 20__ жылғы «___» ____________ № ____ өкімге сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамынан түскен қате аударылған міндетті әлеуметтік аударымдар сомаларының қайтарылғаны туралы хабардар етеді:». 3. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеудiң және оларға куәлік берудің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 6, 49-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесінде: 1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым – өтемақы төлеудi жүзеге асыратын ұйым («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы);»; көрсетілген Ережеге 1-қосымшада: жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу ережесiне 1-қосымша» деген сөздер «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесiне 1-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын; сегізінші абзацтың үшінші жолындағы «(құжаттарды қабылдаған адамның лауазымы, Т.А.Ә.)» деген сөздер «(құжаттарды қабылдаған адамның лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса))» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген Ережеге 2-қосымшада: жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу ережесiне 2-қосымша» деген сөздер «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесiне 2-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын; кестенің екінші бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. (бар болса), туған жылы»; көрсетілген Ережеге 3-қосымшада: жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу ережесiне 3-қосымша» деген сөздер «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесiне 3-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын; кестенің екінші бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. (бар болса)»; көрсетілген Ережеге 4-қосымшада: жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу ережесiне 4-қосымша» деген сөздер «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесiне 4-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын; кестенің екінші бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «Өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса)»; көрсетілген Ережеге 5-қосымшада: жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу ережесiне 5-қосымша» деген сөздер «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесiне 5-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші абзацтағы «(тегi, аты, әкесiнiң аты, санаты (зейнеткер, мемәлеуметжәрдемақы алушы / жұмыс iстейтiн, жұмыс iстемейтiн)» деген сөздер «(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), санаты (зейнеткер, мемәлеуметжәрдемақы алушы/жұмыс iстейтiн, жұмыс iстемейтiн)» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген Ережеге 6-қосымшада: жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу ережесiне 6-қосымша» деген сөздер «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесiне 6-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын; кестенің екінші бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «Өтiнiш берушінің Т.А.Ә. (бар болса)»; көрсетілген Ережеге 6-1-қосымшада: жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу ережесiне 6-1-қосымша» деген сөздер «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесiне 6-1-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші жолдағы «Әкесінің аты» деген сөздерден кейін «(бар болса)» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген Ережеге 7-қосымша осы өзгерістер мен толықтыруларға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. көрсетілген Ережеге 8-қосымшада: жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу ережесiне 8-қосымша» деген сөздер «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесiне 8-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын; жетінші абзацтың үшінші жолындағы «(құжаттарды қабылдаған адамның қолы, лауазымы, Т.А.Ә.)» деген сөздер «(құжаттарды қабылдаған адамның қолы, лауазымы, Т.А.Ә. (бар болса))» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген Ережеге 9-қосымшада: жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу ережесiне 9-қосымша» деген сөздер «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесiне 9-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын; кестенің екінші бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)». 4. «Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 495-құжат): тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидалары осы өзгерістер мен толықтыруларға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 5. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 33, 503-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларында: 3-тармақта: мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын: «1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»; 1) тармақша 1-1) тармақша болып есептелсін; 9) тармақша алып тасталсын; 23-тармақ алып тасталсын. 6. «Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 838 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 49, 684-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидалары осы өзгерістер мен толықтыруларға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 7. «Толық маусым ішіндегі жұмыс зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бір жылғы жұмыс еңбек өтіліне есептелетін өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмiн және Уәкiлеттi ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін бiр жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 865 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 705-құжат): тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Толық маусым ішіндегі жұмыс жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бір жылғы жұмыс өтіліне есепке алынатын өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмiн және Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бiр жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тiзбесiн бекiту туралы»; 1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1) Толық маусым ішіндегі жұмыс жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бір жылғы жұмыс өтіліне есепке алынатын өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмi; 2) Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бір жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тізбесі бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Толық маусым ішіндегі жұмыс зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бір жылғы жұмыс еңбек өтіліне есепке алынатын өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмiнде: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Толық маусым ішіндегі жұмыс жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бір жылғы жұмыс өтіліне есепке алынатын өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмi»; Уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін бiр жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тiзбесi осы өзгерістер мен толықтыруларға 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 8. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 56, 771-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында: 7, 8, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «7. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу (қосылу шарты) БЖЗҚ-ның интернет-ресурсында орналастырылатын БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша міндетті зейнетақы жарналары салымшысының міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу жөнінде жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қоюы арқылы жүзеге асырылады. 8. БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтердің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне (бұдан әрі – бірыңғай тізім) енгізілгені туралы электрондық хабарламаны алған күннен бастап міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.»; «11. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу (қосылу шарты) БЖЗҚ-ның интернет-ресурсында орналастырылатын БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу жөнінде жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке агенттің және өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғаның қол қоюы арқылы жүзеге асырылады. 12. БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациядан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтердің бірыңғай тізімге енгізілгені туралы электрондық хабарламаны алған күннен бастап агент және өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.». 9. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 58, 791-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларында және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесінде: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға; 2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға; 3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері (бұдан әрі – зейнетақы төлемдері) – зейнетақы төлемдерін алушыларға төленетін зейнетақы жинақтарының төлемдері; 4) зейнетақы жинақтары – шарттарға, Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерiктi зейнетақы жарналарын, инвестициялық табысты, өсiмпұлды және өзге де түсiмдердi қамтитын, салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) жеке зейнетақы шотында есепке алынатын ақшасы; 5) зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі – алушы) – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар жеке тұлға.»; 5-тармақ мына